ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мм "Отын-Ағаш бастауыш мектебі" КММ
КГУ «Отын-Агашская начальная школа отдела образования Узункольского района» Управления образования акимата Костанайской области
Отын-Ағаш а.
+7 (714) 443 50 19
otynagashskaya@uzunkol.edu.kz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мм "Отын-Ағаш бастауыш мектебі" КММ
КГУ «Отын-Агашская начальная школа отдела образования Узункольского района» Управления образования акимата Костанайской области

МЕНЮ

Мы рады вас видеть на официальном сайте нашей школы!

Сайт адресован всем, кому интересно знать, чем живет наше
образовательное учреждение.

Перейти в раздел

2024-2025 оқу жылдарындағы «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру жөніндегі есебі

 «Біртұтас тәрбие бағдарламасының» мақсаты:

Қазақстандық мәдениет құндылықтары негізінде азаматтық жауапкершілік пен патриотизм, парасаттылық пен адалдық, ар-ұждан, рухани-адамгершілік қасиеттерін бойына сіңірген, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру.

Бағдарламаның міндеттері:

Рухани-адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу:

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу;

табиғатқа және қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.

Азаматтық жауапкершілік пен патриотизмді дамыту:

елінің жетістіктері үшін мақтаныш сезімін ұялату;

отбасы, қоғам және мемлекет алдындағы өз міндеттеріне саналы көзқарас қалыптастыру;

2024-2025 оқу жылына тәрбие жұмысы бойынша іс- шаралар жоспары жасалып, бекітілді. Жоспарға сәйкес Отын-Ағаш бастауыш мектебінде

3-тоқсанда іс- шаралар ұйымдастырылды. Әр айдың апта дәйек сөздері бойынша жұмыстар жүргізілдуде.

«Біртұтас тәрбие» жоспарына сәйкес мектепте ай сайын ,апта сайын іс-шарамыз уақытында өткізіледі:

“ Афганистаннан әскерлерді шығару” күніне , “Алғыс күні” “ Ардақтайық ананы”іс-шаралар өткізілді. 14-нарыздан бастап мектепте “Наурызнама”

іс-шараларды өткіздік. 14-наурыз “Көрісу күні”, 15-наурыз “Қайырымдылық күні”, 16-наурыз “Шаңырақ күні”, 17-наурыз “ Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні”, 18-наурыз “Ұлттық киім күні”, 19-наурыз “Жаңару күні”, 20-наурыз “Ұлттық спорт күні”, 21 -наурыз “Ынтымақ күні”, 22-наурыз “Жыл басы”,23 -наурыз “Тазару күні”.Осы өткізген іс-шараларды интернет желісіне салынып отырады.

« Бірге кітап оқиық» оқуға құштар мектебі аясында іс-шаралар өткізілді.

   Наурыз айында ұстаздар мен оқушылар ұлттық нақышта киініп жүрді.

«Күй күмбірі» – қоңыраудың орнына күйді пайдаланады, сондай-ақ үлкен үзіліс кезінде арнайы күй тыңдату

«Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» – үзіліс кезінде білім алушылардың бос уақытын ойын түрінде ұйымдастыру – асық, тоғызқұмалақ, бес тас және т.б ойындар үзіліс кезінде өткізіледі.

«Өнегелі отбасы» – ата-аналардың баласымен ұйымдастыратын іс-шаралар.

 «Біртұтас тәрбие» жоспарына сәйкес мектепте ай сайын ,апта сайын іс-шарамыз уақытында өткізіледі.

 «Қауіпсіздік сабағы»-жол қозғалысы ережелерін ,өмір қауіпсіздігі негіздерін зерделеу ,білім алушылардың жеке қауіпсіздігін,қауіпсіз мінез-құлқын сақтау туралы сынып сағаты шенберінде сынып сағаттары өткізіледі.

 Қорыта келгенде: Біртұтас тәрбие жоспарын жоспар бойынша іске асыру.

 Бұл нәтиже жақсы болса, әрбір бала өз жолында табысты өмірге апаратын ережелерді түсінуге көмектесетін, дүниедегі өз орнын түсінуге, қабілеттерін ашуға, өзіне және өз күшіне сенуге, өз өмірінің мәні мен мақсатын көруге, осы мақсатқа жетуге көмектесетін адамдарды кездестірсе, балалардың өсуіне көп көмегі бар. Мұнда, әрине, мектеп басты рөлді атқарады, біз "Біртұтас тәрбие" бағдарламасын жүзеге асыра отырып, осы бағытта жұмысымызды жалғастырамыз. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы мектеп жоспары бойынша сынып сағаттары, 10 минуттық қауіпсіздік сабақтары өткізіледі.

 

Барлық ақпарат https://www.instagram.com/otynagash_bm?utm_source=ig_web_button_share_sheet&igsh=ZDNlZDc0MzIxNw== парақшамызда орналасқан.

© 2025. Все права защищены.